.RU

Кодексінің 20-1-бабының 5 тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты шешім қабылдады

Дата17.02.2017өлшемі159.57 Kb.

Қызылорда қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берiлiп отырған Қызылорда қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекітілсін.

2. «Қызылорда қалалық мәслихаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) осы шешімді Қызылорда облысының Әдiлет департаментіне мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы шешімді Қызылорда облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелгенiнен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде оның көшiрмесiн мерзiмдi баспа басылымдарына және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;

3) осы шешімді Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы шешімді Қызылорда облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қызылорда қаласы әкімдігіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы шешіма лғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда қалалық Қызылорда қалалық

мәслихатының кезектен тыс мәслихатының хатшысы

сессиясының төрағасы

«Келісілді»

«Қызылорда қалалық экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

________________Г. Баймаханова

00 қараша 2016 жыл.

«Келісілді»

«Қызылорда қалалық тұрғын үй

-коммуналдық шаруашылық және

тұрғын үй инспекциясы бөлiмi»

коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы

________________Е. Бердібаев

00 қараша 2016 жыл.

«Келісілді»

«Қалалыққаржы бөлiмi»

мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы

________________А. Иманкулов

00 қараша 2016 жыл.

Қызылорда қалалық мәслихатының

2016 жылғы 00 қарашадағы

№000 шешімімен бекітілген



Қызылорда қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қызылорда қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қызылорда қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрi - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру үшiн жергiлiктi атқарушы органымен немесе «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жәнетұрғын үй инспекциясы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады, оның құрамына уәкiлеттi органның, жергiлiктi атқарушы органның, уәкiлеттi органның ведомстволық бағынысты ұйымының өкiлдерi (бұдан әрi - ұйым) кiредi.

Комиссия осы Қағидалардың1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесiз қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру туралы акт жасайды.

4. Иесiз қалдықтарды басқаруды ведомстволық бағынысты ұйым жүзеге асырады.

5. Иесiз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрi пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

6. Сот шешiмiмен коммуналдық меншікке түскен болып танылғанқалдықтарға Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы АзаматтықКодексi, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы,«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы, «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтердi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 15 қаңтардағы №10 бұйрығықолданылады.



2. Сот шешiмiмен коммуналдық меншікке түскен болып танылған қалдықтар басқару тәртiбi

Қалдықтарды есепке алу және бағалау

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйым дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:

1) қалдықтардың қасиеттерiн зерделеу;

2) олардың деңгейiн анықтау;

3) қалдықтар паспортын жасайды.

Сонымен қатар ұйым Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметi саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргiзедi.

Ұйым жыл сайын есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiн өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастрында есепке алу үшiн уәкiлеттi органға қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бередi.

8. Халықтың қалдықтарға қолжетiмдiгiн болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға терiс әсерiн азайту жөнiндегi шараларды ұйым қамтамасыз етедi.

9. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртiппен оларды ақысыз негiзде өткiзу бойынша нормалар қолданылады.

Қалдықтарды одан әрi пайдалану және сату тәртiбi

10. Қалдықтарды ұйым заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткiзу арқылы сатады.

11. Конкурсты дайындауды және өткiзудi ұйым жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган ұйымның, уәкiлеттi органның, мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн қоса отырып конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.

12. Конкурстың шарттарын уәкiлеттi орган анықтайды.

13. Ұйым еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш негiзiнде конкурсқа әлеуеттi қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объектi бойынша құжаттар пакетiнiң көшiрмелерiн ақысыз ұсынады.

Құжаттар пакетiн ұйым қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзiрлеу үшiн өтiнiш берушiге қажеттi мынадай ақпараттан тұрады:

1) қалдық туралы тарихи анықтама;

2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;

3) қалдықтардың қасиеттерi туралы ақпарат;

4) қоршаған ортаға әсерi туралы ақпарат.

14. Конкурс қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында және ашық тәсiлмен өткiзiледi. Ашық конкурс өткiзу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.

Конкурсты өткiзу мерзiмiн ұйым конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектiсiнiң ерекшелiгiне қарай, бiрақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей анықтайды. Хабарландырулар уәкiлеттi органның және ұйымның интернет-ресурсында бiр мезгiлде орналастырылады.

15. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:

1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау орнының мекенжайы;

2) өткiзу уақыты мен орны;

3) қалдықтарды сату жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi;

4) конкурстың негiзгi шарттары;

5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектiсiнiң орналасқан жерi мен қысқаша сипаттамасы;

6) ақы төлеу үшiн деректемелердi көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшiн қалдықтар объектiсiн бағалау құнының бiр пайызын құрайтын жарнаның мөлшерi.

16. Қалдықтарды сату жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi (бұдан әрi - өтiнiм) қабылдауды ұйым мерзiмдi баспа басылымдарында конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күнiнен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау күнiне үш күнтiзбелiк күн қалғанда аяқтайды.

17. Әлеуеттi қатысушылар өтiнiмдерiн осы Қағидалардың2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде ұсынады, соңғы бетiне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.

Конкурсқа әлеуеттi қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшiн қосалқы мердiгерлердi (бiрге орындаушы) тартады, бiрақ қызмет, жұмыс көлемiнiң үштен екi бөлiгiнен артық болмауы тиiс.

18. Конкурсқа қатысушы өтiнiмдердi қараудың белгiленген мерзiмiне үш жұмыс күнi қалғанға дейiн ұйымға жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтiнiмiн керi қайтара алады.

19. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтiнiмдердi қабылдау немесе бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Өтiнiмдердi қарау күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұйым өтiнiм берушiге конкурсқа қатысуға жiберiлгенi туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелдi бас тарту жолдайды.

20. Ұйым мынадай жағдайларда өтiнiм қабылдаудан бас тартады:

1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтiнiм беру;

2) өтiнiм берушi өтiнiмiнде жалған немесе дұрыс емес мәлiметтер беруi;

3) өтiнiмде өтiнiм берушiнiң қалдықтарды қауiпсiз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшiн қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкiндiктерi (Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №622бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №5446 тiркелген) нысан бойынша салық, мiндеттi зейнетақы жарнасы, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкiндiктерiн растайтын құжат) бар екенi немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзiнде растаманың болмауы.

21. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Ұйым конкурстың қорытындысы жарияланған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде жеңiмпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.

22. Конкурсқа жiберiлген өтiнiм берушi конкурстық ұсыныс жасайды, оны ұйымға конверттердi ашу рәсiмiне бiр сағатқа дейiнгi уақыттан кешiктiрмей ұсынады. Ұйымға келiп түскен және конкурсқа жiберiлген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға керi қайтарылмайды.

23. Конкурсқа қатысу үшiн конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:

1) өтiнiм берушiнiң конкурс өткiзу тәртiбiне және өтiнiм берушiнiң мiндеттерiне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;

2) жарғы көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн);

3) әлеуеттi қатысушының бiрiншi басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшiрмесi;

4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгерлердiң тiзбесi, қосалқы мердiгерлерге берiлген жұмыстардың көлемi мен түрлерi (жұмысқа тартылған жағдайда);

5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемiн растайтын құжат (ақысыз өткiзген жағдайда ұсынылмайды);

6) әлеуеттi қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;

7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиiс бағдарлама (жобаны iске асыру мерзiмдерi, технологияны қолдану, қаржы мүмкiндiктерi, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестiгi).

24. Әлеуеттi қатысушы конкурстық ұсынысты беттерi нөмiрленген, тiгiлген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.

25. Конкурстық ұсыныстар әлеуеттi қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бiр артық жазусыз, өшiрусiз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.

26. Әлеуеттi қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекiтедi. Конвертте әлеуеттi қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетiледi.

27. Конкурстық ұсыныстарды конкурстық комиссия конверттi ашқан күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бағалайды.

Конкурстық комиссияның шешiмi хаттама түрiнде ресiмделедi. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелерi қол қояды.

28. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептелiнедi.

Конкурстық комиссияның кез келген мүшесi конкурстық комиссияның шешiмiмен келiспеген жағдайда өз пiкiрiн бiлдiрiп, оны жазбаша баяндайды және ол конкурс қорытындысының хаттамасына тiркелiнедi.

29. Конкурс жеңiмпазын конкурстық комиссия мынадай негiзгi критерийлер жиынтығы негiзiнде анықтайды:

1) бағдарламаның iс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиiстi (жобаны iске асыру мерзiмдерi, технологияларды пайдалану, қаржы мүмкiндiктерi, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестiгi);

2) баға ұсынысы.

30. Конкурстың нәтижелерi сол конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымдарында жарияланады, сондай-ақ уәкiлеттi органның және ұйымның интернет-ресурсында шұғыл түрде орналастырылады.

31. Конкурсқа бiр ғана өтiнiм берушi қатысқан жағдайда, конкурс өткiзiлген жоқ деп танылады.

32. Конкурс өткiзiлген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектiнi конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткiзудi қайта белгiлейдi. Тек бiр ғана өтiнiм берушiнiң қатысуына байланысты конкурс қайта өткiзiлген жоқ деп танылған кезде, ұйым конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтiнiм берушiмен келiссөздер және уәкiлеттi органға тиiмдi шарттар негiзiнде ұйым үшiн тиiмдiлiгi конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келiсiмшарт жасайды.

33. Конкурс талаптарына сәйкес келетiн бiрде бiр жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткiзiлген жоқ деп танылады.

34. Конкурс жеңiмпазымен шарттары уәкiлеттi органмен келiсiлетiн Қауiптi қалдықтарды сату туралы келiсiмшарт (бұдан әрi - Келiсiмшарт) жасалады. Келiсiмшарт қауiптi қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау және жалпы қауiпсiз жұмыс жүргiзу бойынша, сондай-ақ конкурс жеңiмпазының ұйым бекiткен үлгiсiмен орындаған жұмыстары туралы есеп беруi бойынша мiндеттемелердi қарастырады.

Есеп ұйымға тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың оныншы күнiне дейiн ұсынылады.

Келiсiмшарт талаптары сақталмаған жағдайда ұйым оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен бұзады және конкурс өткiзудi қайта жариялайды.

35. Конкурс екi рет өткiзiлген жоқ деп танылған жағдайда ұйым осы Қағидаларда қарастырылған тәртiппен қалдықтарға ақысыз негiзде конкурс жариялайды және өткiзедi.

36. Қалдықтарды сатудан тапқан ұйымның қаражаты мемлекет кiрiсiне жiберiледi.



Қалдықтарды кәдеге жарату және жою

37. Осы Қағиданың31-тармағымен көзделген негiздеме бойынша қалдықтарды ақысыз негiзде iске асыру бойынша конкурс өткiзiлген жоқ деп танылған кезде қалдықтар талап етiлмеген деп саналады.

Ұйым талап етiлмеген қалдықтарды қауiпсiз кәдеге жарату және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырады.

38. Сот шешiмiмен коммуналдық меншікке түскен болып танылған қалдықтардың объектiлерi орналасқан аумақтарды қалпына келтiру iстерi, олар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарыға сәйкес жүргiзiледi.



3. Қорытынды ережелер

39. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс iстеу процесiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қызылорда қаласы бойынша

сот шешiмiмен коммуналдық

меншікке түскен болып танылған

қалдықтарды басқару

қағидаларына 1-қосымша

Нысан


Иесiз қауiптi қалдықтарды республикалық меншiкке беру туралы актi

20__жылғы «___»________________               ______________________


(жасалған уақыты)                              (акт жасалған орын)

Комиссия құрамында


_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
20____ жылғы «____» _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде
республикалық меншiкке мынадай құрамдағы:

Қалдық түрi

Саны
(тонна, м3, га ауданы)

Қалдықтың деңгейi және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)

Орналасқан жерi

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндiрме
















иесiз қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.

Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә., қолы):

Мөрдiң орны

Қызылорда қаласы бойынша

сот шешiмiмен коммуналдық

меншікке түскен болып танылған

қалдықтарды басқару

қағидаларына 2-қосымша

Нысан

Қалдықтарды сату жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм

1)_________________________________________________________________


                      өтiнiш берушiнiң атауы

2)_________________________________________________________________


     өтiнiш берушiнiң заңды мекенжайы және негiзгi қызмет орнының
                            мекенжайы

3)_________________________________________________________________


   мемлекеттiк тиiстiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), азаматтылығы (жеке
                            тұлғалар үшiн)

4)_________________________________________________________________


басшылары немесе заңды тұлғалар иелерi және өтiнiш берушiнi ұсынатын
                      тұлғалар туралы мәлiмет

5) уәкiлеттi органмен анықталған конкурс шарттарын орындауға


бағытталған орындалуға тиiстi құжатпен расталған өтiнiш берушiнiң
техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық
мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер (салықтық берешектiң, мiндеттi
зейнеткерлiк жарналар бойынша берешектiң, мiндеттi кәсiби
зейнеткерлiк жарналар және әлеуметтiк салымдар бойынша берешектiң жоқ
(бар) екендiгi туралы мәлiметтер, қаржылық мүмкiндiгiн растайтын
құжат) қоса берiледi.

________________________                                _______


(ұйымның атауы)             (қолы)                      (Т.А.Ә.)

Достарыңызбен бөлісу:

kompetenciya-predstavitelnih-organov-gosudarstvennoj-vlasti-v-dorevolyucionnij-i-poslerevolyucionnij-period-razvitiya-rossii-stranica-3.html
kompetenciya-soveta-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya-publichnij-otchet-2008-g-1-razdel-obshaya-harakteristika-uchrezhdeniya.html
kompetentnostnaya-model-yazikovogo-obucheniya-v-tehnicheskom-vuze.html
kompetentnostnij-podhod-kak-realizaciya-bolonskoj-deklaracii-ego-osobennosti-rol-i-mesto-v-sovremennom-visshem-obrazovanii-rossii.html
kompetentnostnij-podhod-v-obrazovanii-osnovnie-etapi-stanovleniya-i-tendencii-izmenenij-v-professionalnom-obrazovanii.html
kompetentnostno-orientirovannij-uchebnij-plan-osnovnoj-obrazovatelnoj-programmi-visshego-obrazovaniya-sociologiya-po-urovnyu.html
  • thescience.largereferat.info/kaplan-roberto-soznatelnoe-zrenie-glaza-pomogayut-nam-izmenit-svoyu-zhizn-perev-s-angl-k-sofiya-2003-m-id-sofiya-2003-272-s-s-vkl-stranica-6.html
  • occupation.largereferat.info/ob-itogah-raboti-upravleniya-ministerstva-yusticii-rossijskoj-federacii-po-krasnodarskomu-krayu-po-provedeniyu-monitoringa-pravoprimeneniya-v-sfere-gosudarstvennoj-grazhdanskoj-sluzhbi.html
  • letter.largereferat.info/o-reglamente-pravitelstva-moskvi.html
  • predmet.largereferat.info/ris-3-karta-citoarhitektonicheskih-polej-mozga-cheloveka-institut-mozga.html
  • universitet.largereferat.info/tematika-kursovih-rabot-po-kursu-grazhdanskoe-pravo-rf-obshaya-chast.html
  • kanikulyi.largereferat.info/zhaksibaeva-g-sh-2016-zh.html
  • teacher.largereferat.info/fedorov-valerij-mihajlovich-stranica-3.html
  • predmet.largereferat.info/segodnya-nochyu-ya-chitala-poltori-komnati-brodskogo-on-vspominaet-o-leningradskoj-kvartire-gde-zhil-s-roditelyami-i-pishet-chto-obrazi-proshlogo-vsplivayut-v-sozn-stranica-12.html
  • letter.largereferat.info/narusheniya-plan-massovih-meropriyatij-so-shkolnikami.html
  • textbook.largereferat.info/iii-zakonodatelstvo-v-oblasti-trudovoj-migracii-polozhenie-v-oblasti-trudovoj-migracii.html
  • tetrad.largereferat.info/upravlenie-proigrivatelem-dvd-video-rukovodstvo-polzovatelya-soderzhanie.html
  • shkola.largereferat.info/perechen-tehnologicheskogo-oborudovaniya-sredstva-byudzheta-municipalnogo-obrazovaniya-g-novij-urengoj-poluchennie.html
  • zanyatie.largereferat.info/organizaciya-raboti-zadachi-i-funkcii-nalogovih-organov-i-nalogovih-otdelov-organizacii.html
  • bukva.largereferat.info/problema-iskusstvennogo-intellekta.html
  • thescience.largereferat.info/kniga-prednaznachena-dlya-rukovodyashego-i-letnogo-sostava-aviacii-metodistov-letnogo-obucheniya-aviacionnih-psihologov-dlya-letchikov-instruktorov-instruktorov-trenazhernogo-obucheniya-stranica-7.html
  • reading.largereferat.info/metodi-psihologicheskih-issledovanij.html
  • turn.largereferat.info/okruzhayushij-mir-a-l-oppenhejm-drevnyaya-mesopotamiya.html
  • holiday.largereferat.info/n-b-yankovskaya-ojkumena-amarnskoj-epohi-i-krit.html
  • assessments.largereferat.info/dosugovo-razvivayushaya-deyatelnost-publichnij-doklad-direktora-visshej-kategorii-gou-dod-oblastnoj-detskij-ekologicheskij.html
  • urok.largereferat.info/pravila-tehnicheskogo-obsluzhivaniya-i-tekushego-remonta-teplovozov-2te116-stranica-18.html
  • laboratornaya.largereferat.info/razdel-iv-pravila-i-normativi-raspolozheniya-zdanij-osnovnoj-zastrojki-zakon-o-planirovke-territorii.html
  • student.largereferat.info/-rukovodstvo-po-kachestvu-sistemi-attestacii-i-registracii-personala-v-oblasti-kachestva-v-rossijskoj-federacii.html
  • tetrad.largereferat.info/vas-razvyazhut-ruki-vedomosti-anfisa-voronina-svetlana-ivanova-03022005-018-str-a2.html
  • education.largereferat.info/-1-uchastniki-otnoshenij-voznikayushih-prigosudarstvennoj-registracii-prav-na-nedvizhimoe-imushestvo-i-sdelok-s-nim.html
  • uchebnik.largereferat.info/uchet-i-analiz-effektivnosti-ispolzovaniya-osnovnih-sredstv-na-primere-torfopredpriyatiya-dzyakino.html
  • lektsiya.largereferat.info/primernaya-programma-disciplini-istoriya-i-filosofiya-novovvedenij-rekomenduetsya-ministerstvom-obrazovaniya-rossii-dlya-napravleniya-podgotovki-magistrov-553800-innovatika.html
  • nauka.largereferat.info/uroka-v-8-b-klasse-v-ramkah-nedeli-nauki-i-tvorchestva-po-teme-kosmos.html
  • lesson.largereferat.info/proektirovanie-tehnologicheskogo-processa-izgotovleniya-detali-skoba-metodom-holodnoj-shtampovki.html
  • znanie.largereferat.info/861-255-15-86-2008-edinij-gosudarstvennij-ekzamen-v-krasnodarskom-krae-v-2008-godu.html
  • essay.largereferat.info/elektronnie-uchebniki-stranica-11.html
  • essay.largereferat.info/chetvertaya-mezhpravitelstvennaya-konferenciya-po-teme-bioraznoobrazie-v-evrope-22-24-fevralya-2006-goda.html
  • laboratornaya.largereferat.info/referat-po-discipline-energosberezhenie-na-temu-energosberezhenie-v-bitu.html
  • paragraph.largereferat.info/metodicheskie-rekomendacii-dlya-studentov-po-izucheniyu-disciplini-uroki-professionalnogo-tvorchestva.html
  • znaniya.largereferat.info/protokol-6-evrejskij-sindrom.html
  • kontrolnaya.largereferat.info/razdel-iii-trudovoj-dogovor-yu-p-orlovskogo-kollektiv.html
  • © LargeReferat.info
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.